Қарулы Күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жаңа бағыттары пысықталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарулы Күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жаңа бағыттары пысықталып жатыр

07.03.2019

Бүгін Қорғаныс министрінің қатысуымен осы мәселе бойынша арнайы семинар өтті. Әскеріміздің әлеуетін арттыру, әр уақытта заман талабына сай жарақтандыру жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен жабдықтауға жіті назар аударылуда.

Семинар барысында Қарулы Күштердің қызметін үнемдеуге, бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану, оқ-дәрілерді, жағармай мен өзге де материалдық құралдарды ұтымды жұмсау мәселесі талқыланды. Осы бағыттағы іс-шаралардың атқарылуын қалтқысыз бақылауға айрықша мән берілмек.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу