Астанада көпбалалы және мүгедек аналарға қолдау көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көпбалалы және мүгедек аналарға қолдау көрсетілді

06.03.2019

Астанада мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы 100 анаға да қолдау көрсетілді. Оларға қазақстандық танымал дизайнер көйлек тігіп, сыйға тартты. Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған топтарға кіретін аналарға  «Нұр Отан» партиясының  «Бірлік» филиалы да қолдау білдірді. Қайырымды іс әлеуметтік желіден бастау алды. Аналардың өздері осы жобаға қатысуға ниет білдірген. Игілікті іс алдағы жылдары да жалғасады.   

Роза Салқынбаева, мүмкіндігі шектеулі ана:

- Мұндай шаралар, мұндай қамқорлық , жақсы, игі істеріңіз адамның жүрегіне нұр ұялатып, жылулық сыйлайды. Адамдар жасарып та қалады. Сондықтан, барлықтарыңызға осы істеріңізге алғыс айтамын. Істеріңіз алға бассын дегім келеді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу