Бельгиядағы Қазақстан елші қазақстандық студенттермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиядағы Қазақстан елші қазақстандық студенттермен кездесті

04.03.2019

Бельгиядағы қазақстандық студенттер Еуропада Қазақ елінің имиджін арттыру үшін күш салмақ. Бұл туралы жастар еліміздің Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі Айгүл Құспанмен кездесу барысында мәлімдеді. Қазір бұл елде 20-дан астам қазақстандық студент білім алып жатыр. Биылдан бастап корольдіктің үш университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша тегін оқуға мүмкіндік бар. Кездесуде елші Айгүл Құспан жастарға өзінің дипломатиялық миссиясы жайлы және елдің сыртқы саясаттағы беделі туралы айтып берді. Әрі жас буын өкілдерін ел игілігі үшін маңызды шараларды бірігіп атқаруға шақырды. Жастар да көкейкесті мәселелерін ортаға салып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Содан соң елшіліктегі өздеріне арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, елге деген сағыныштарын басты. 

Бейбарыс Алжирбекұлы, студент:

- Біз студенттер болып, қайда оқитынымызды, қай тілде оқитынымызды, қандай қиындықтар болып жатқанын елшіге айттық. Болашақта Қазақстан студенттері арасында қауымдастық құру туралы жоспарларымыз бар.

Самал Бейсенова, Лёвен католик университетінің студенті:

- Осы жерде немесе басқа шетелде оқып жатқан студенттердің жұмысы осылай Қазақстанның атын шығаруы өте маңызды деп ойлаймын. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу