Басты Жаңалықтар «Masele». Төтенше жағдайға дайынбыз ба?

«Masele». Төтенше жағдайға дайынбыз ба?

Жылдың басы төтенше жағдайға толы болды. Айтып келмейтін апат, жалаңдаған жалын қазақтың қабырғасын қайыстырды. Төтенше жағдайға төтеп бере алмаған төтенше жағдай қызметкерлерін жазғырған жұрт көп. Негізсіз демейміз. Өйткені, қызыл жалыннан қыршын кеткен қандастарымыз, опат болған отандастарымыз аз емес. Тілсіз жау тек биыл емес, бұрын да көпті көп әуреге салды.

Төтенше жағдайлар комитетінің дерегінде былай делінеді: 2018 жылы елімізде 14 164 өрт болыпты. 434 адам қаза тапқан. Бұдан бөлек, судан келер суық хабар туралы да айттық. Өкпесіне улы ауа толған жерлестердің өкпесін жеткіздік жауаптыларға. Баяғыда бір жеңгеміз «Сөйлеп жыламасаң да сөз қылады бұл жұрт» деп еңкілдеп қоя берген екен. Сол айтпақшы олай да, бұлай да ескерттік. Есінеп болып ес жиятын әкім-қаралар естіді деп сенейік. Ертең ел жәрдем сұрағанда былай ежіктеп отырмаңыздар:

Әр әзілдің артында зіл бар. Ауадан, судан, оттан келетін апаттардың не екенін отандастарымыз біржола ұмытса деп тілейміз біз. Елді төтенше жағдайдан құтқарып қалуы тиіс қызметкерлердің бүгінгі аяқ алысын Азамат Бейбітұлы айтады.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«Masele». Мұрағат

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу