Маңғыстаулық көпбалалы аналар қоғамдық көліктерде тегін жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық көпбалалы аналар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

21.02.2019

Бұл жаңалықты өңір басшысы халыққа есеп беру кездесуінде жариялады. Жаңа бастама кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Көп перзент сүйген ақтаулық аналар сәуірден бастап автобустарда тегін жүреді.

Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына қатынайтын қоғамдық көліктер де көктемде осы тәртіпке көшеді. Ал, Жаңаөзендегі көпбалалы әйелдер тамыз айынан бастап ақысыз қатынайтын болады. Қазір өңірдегі барлық қоғамдық көлік тасымалымен айналысатын серіктестіктермен келіссөздер жүргізілуде.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- 2020 жылдың басынан бастап Маңғыстау мен Бейнеу аудандарындағы көпбалалы аналар да тегін жүретін болады. Екі кезеңге бөліп тастадық. Мұны дұрыс түсінген жөн.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу