Электронды үкімет порталын қолданушылар саны 8,5 млн-нан асып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электронды үкімет порталын қолданушылар саны 8,5 млн-нан асып кеткен

18.02.2019

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдерінің айтуынша, соңғы 10 жылда порталға тіркелгендер саны 800 есе артқан. 2009 жылы порталды небәрі 10 мыңдай адам пайдаланған екен.

Халық арасында көбіне «мекенжай анықтамасын алу», «дәрігердің қабылдауына жазылу», «жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамаларды алу», «заңды тұлғаларды тіркеу» сынды электрондық қызметтер сұранысқа ие.

Жалпы, Электронды үкімет порталы арқылы 235 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады. Порталдың олқылықтары жоқ емес. Мәселен, былтыр eGov.kz-ке 143 мыңға жуық кибер шабуыл жасалған екен. Сондықтан «Ұлттық ақпараттық технологиялар» қоғамы ақпараттық қауіпсіздік бойынша жұмыстарын жетілдіруді көздеп отыр.

Дәулет Бекманов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Өте көп кездеседі. Мысалы, көлік сатқан кезде немесе пәтер сатқан кезде, көлігіңіздің салығы шығып тұрады. Порталдан квитанцияларды, құжаттарды тексеріп алуға болады. Осы сұрақтар бойынша ІІМ-мен, салық комитетімен жұмыс істеп жатырмыз.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу