Ақмола облысында 55 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 55 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсті

18.02.2019

Оның 32 мыңы бюджеттік мекемелерде жұмыс істейді. Ал, дәрігерлер мен ұстаздардың, мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 35 пайызға өспек.

Ол үшін республикалық бюджеттен 4,8 миллиард теңге бөлінген. Жекеменшік кәсіпорындар да көштен қалмайды. 4 мыңға жуық кәсіпорынның жалақы қоры 3,8 миллиард теңгеге көбейді. 2018 жылдың 4-ші тоқсанында Ақмола облысында орташа жалақы 130 мың теңге болып бекітілді.

Қанат Ыдырысов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары

- Табысы төмен жұмысшылардың жалақысын жоғарылату мақсатында облыстағы барлық мекемелерде түсіндіру шаралары жүргізілді. 3 мыңнан астам кәсіпорын 23 мың қызметкерінің айлығын арттырды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады. Қазір аудан әкімдіктерінің жанынан құрылған үшжақты комиссиялар қызметін жүзеге асыруда.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу