Қазақстан және Өзбекстан кәсіпкерлері Ақтауда бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан және Өзбекстан кәсіпкерлері Ақтауда бас қосты

15.02.2019

Құны 2 млн доллардың келісімшартына қол қойды. Енді Ақтауға Хорезмнен апта сайын 20 тонна қызанақ, қияр, сәбіз, картоп әкелінеді. Ал, Маңғыстаудан оларға балық өнімдері жөнелтіледі.

Сондай-ақ, кездесуде Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облысының және Өзбекстанның кәсіпкерлері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Әріптестік байланыс ауыл шаруашылығы, туризм және транспорт саласында да дами түспек.

Тулганай Сапарбаева, хорезмдік кәсіпкер:

- Бүгін 2 млн долларға келісімшарт жасадық. Бұдан былай Маңғыстауға аптасына бір рет көкөністің түр-түрін әкеліп тұрамын. Мен үшін үлкен олжа. Әзірше 1 жыл жұмыс жасауға келістік. Алдағы уақытта ісіміз алға басса, байланысты нығайтып, бірнеше жылға келісімшарт жасаймыз деген ойдамын.

Тұрсынгүл Жақыпова, кәсіпкер:

- Балық өсіру қиын. Бірақ мен бұл жұмысты жалғастырып, ары қарай жандандыру мақсатында хорезмдіктермен байланыс орнаттым. Өте қуаныштымын. Жаңа технологиялар да қолданамыз.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу