Қызылордада балық экспорты артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада балық экспорты артты

08.02.2019

Көксеркенің дәмді еті шетелге экспортталып жатыр. Аралдан  жылына 2 мың тоннаға жуық  балық Еуропаға жөнелтіледі. Сұраныс артқан сайын өңірде балық шаруашылығы жандануда. 2000 жылдары теңізден небәрі 500 тонна су маржаны сүзілсе, қазір жылына 8 мың тонна балық ауланады. Ал, оны әрі қарай өңдеумен айналысатын 7  зауыт бар. Оның төртеуінде еурокод белгісі бар.  Биыл Аралда тағы  екі зауыт іске қосылады. 

Мұхтар Оразбаев, Арал ауданының әкімі:

- Өткен жылы лимит 7150 тоннаға берілсе, 6690 тонна балық ауланды. 3575 тонна балық терең өңделіп, өткен жылы 1950 тонна балық Батыс Еуропа елдеріне экспортқа шығарылды, яғни, Аралдың көксеркесінің жон еттерінен жасалатын өнімдер шығарылып жатыр. Сұраныс жоғары. Биылдың өзінде екі шағын балық зауыты іске қосылады деп жоспарлап отырмыз.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу