Атырау облысында алдағы 5 жылда балық экспорты 13 мың тоннаға артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында алдағы 5 жылда балық экспорты 13 мың тоннаға артады

19.11.2021

Атырау облысында алдағы бес жылда балық экспорты 13 мың тоннаға артпақ. Ал, тауарлы балық өсіру 10 тоннадан 7 мың тоннаға дейін жетуі тиіс. Алайда Жайық деңгейінің жыл сайын төмендей түсуі балықшыларды алаңдатып отыр.

Облыс аумағында 18 кәсіпорын балық аулаумен айналысады. Былтыр Жайык - Каспий бассейiнi бойынша 11 мың тоннадан артық балық ауланды. Биылғы көрсеткіш 10150 тонна. Экспорт та жыл сайын еселеніп келеді. Өңделген өнім Ресей, Украина, Әзірбайжан, Израильге экспортталды. Алайда балық аулау тәртібінің өзгеруі мен экологиялық мәселелер кейбір шаруашылықтардың лимитті игеруіне кедергі болып тұр. Мәселен, өзен суының азаюынан бекіре тұқымдас және қара балық күрт төмендеп кетті.

Саламат Омаров, балық өңдеу кооперативінің директоры:
Теңіздің деңгейінің түсуіне байланысты өткен жылғымен салыстырғанда отыз пайызға төмен. Өзіміз айына 25-30 млн теңге салық төлейміз. Бір жылға шаққанда 300 млн теңгедей.

Ал, су маржандарын сақтап қалу және молайту мақсатында өңірдегі екі зауыт жылына 7 млн бекіре шабағы өзенге жібереді. Алайда, мамандар бұл көрсеткішті екі есеге өсіруді қалайды.

Артур Сәдібекұлы,  облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:
Әрине бұл 7-8 миллион шабақ бұл өте аз. Сондықтан біз Салалық министрлікке ұсыныс жасап едік. Енді аталған мәселе қарастырылып жатыр.

Балық шаруашылығы саласында алдағы бес жылда 9 жоба іске аспақ. Нәтижесінде тауарлы балық өсіру 10 тоннадан 7 мыңға, экспорт көлемін 13 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған.

Ақан Иғлам 

Хабарламаларға жазылу