Кәсіпкерлер үшін кедергілер азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер үшін кедергілер азайды

28.02.2017
Әділет министрлігі азаматтық кодекс пен құқық бұзушылық заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын бастады. Бүгін аталған мекеме өкілдері кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына заңдағы кейбір баптарды егжей-тегжей баяндады.

Атап айтсақ, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлер үшін кедергілерді азайтып, бизнес климатты жақсарту бағытында сұрақтар қойылды. Әділет министрлігі игі бастаманы өзге де өңірлерде жалғастыруды көздеп отыр.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу