Алматыда  қалың қар жұртты әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда  қалың қар жұртты әбігерге салды

06.02.2019

Алматыда қалың қар жауып, жұртты әбігерге салды. Ал, көшелерді тазалауға кедергі келтірген көліктер айыппұл тұрағына жөнелтілді. Себебі, жол жиегіне қаңтарылған көліктер жұмыстың жылдам жүруіне кері әсерін тигізген.

Түнімен тоқтаусыз жауған қардың салдарынан, мегаполисте кеgтеліс те көбейді. Таңертеңнен бері қар тазалау жұмысына 574 техника тартылып, 2200 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, қалың қардан еліміздегі әуежайлардың ұшу кестесіне де өзгерістер енгізілген. «Алматы» халықаралық әуежайынан Астана мен басқа да өңірлерге ұшатын бірнеше әуе кемесінің рейсі белгіленген уақытынан кешікті.

Әрсен Ахметжанов, Алматы қалалық «Жасыл» экономика басқармасының бас маманы:

- Қала көшелерінде проблема жоқ деуге болады. Кептелістен соң қар шығару басталады. Сол уақытта көліктерді жолдың бойына қоймай, арнайы техникаға бөгет етпесе жақсы болушы еді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу