Ақтауда электр энергиясының сараланған тарифі болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда электр энергиясының сараланған тарифі болмайды

06.02.2019

Ақтауда электр энергиясының сараланған тарифі болмайды. Тұрғындар жарықты қанша тұтынса да квт-на 17 теңге 29 тиыннан төлейді. Бұған дейін қоғамдық тыңдау өтіп, тұрғындар энергияның құны мен сараланған тарифтің енгізілуіне қарсылық білдірген болатын. Осыдан кейін, әкімдік жанынан жұмыс тобы құрылып, мәселе қайта қаралды. Нәтижесінде, бұрынғы 19 теңге 42 тиынның орнына жаңа баға бекітілді. 

Өркен Бисақаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Ақтау қаласы сонымен бірге іргелес елді мекендерде бір тариф болады. 17 теңге 29 тиын. Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Маңғыстау аудандарының тарифтері 1 қаңтардан 20 теңге 02 тиыннан 16 теңге 89 тиынға түседі.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу