Басты Жаңалықтар Шымкенттік кәсіпорындар сапалы пластик есік-терезелер шығара бастады

Шымкенттік кәсіпорындар сапалы пластик есік-терезелер шығара бастады

Шымкенттік кәсіпорындар сапалы пластик есік-терезелер шығара бастады
Шымкенттік кәсіпорындар Еуразиялық экономикалық одақ талабына сай сапалы пластик есік-терезелер шығара бастады. Жобаның жүзеге асуы үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған.
 
Әрі екінші деңгейлі банктен пайыздық мөлшерлемесі субсидияланған несие берілді. Қазір сапасы шетелдікінен кем түспейтін бұл өнімдер  күнгейдегі құрылыс қажетіне жарап жатыр.
 
Мемлекет тарапынан үлкен қолдау тапқан «Триумф» кәсіпорны қазір Оңтүстіктегі бірегей өндіріс нысаны. Австрияның озық технологиясымен жабдықталған зауыт «Аспан» белгісімен пластикалық өнімдердің түр-түрін шығарады.
 
 Ал, қажетті шикізатты неміс және түрік елінен тасымалдайды. Осылайша, зауыт басшылары алыс-жақын шетелдермен байланысын нығайтып, сапасы жоғары есік-терезелер шығарады.
 
Герман Муралев, компанияның Орта Азия мен Кавказдағы өкілі:
Зауыт алдағы уақытта осы саладағы жетекші кәсіпорындардың бірі бола алады. Себебі бұл жерде шығарылатын есік-терезелер Қазақстанның климатына сай келетін, яғни, 40 градус ыстық пен 40 градус суыққа төтеп бере алады. Оның сапасы қоспаларына байланысты десек, оны неміс елінен жеткізудеміз.
 
Зауыттың жас мамандарды дайындайтын арнайы оқу орталығы бар. Серіктестік ұжымы олардың біліктілігін арттырып, техника тілін үйренуі үшін тегін оқытуды қолға алған.
 
Сондай жұмысшылардың бірі - Азамат Шохаев. Қызметін асқан жауапкершілікпен атқарып жүрген маман австриялық қондырғыларды қадағалап, желінің дұрыс жұмыс істеуін бақылайды.
 
Азамат Шохаев, зауыт қызметкері:
Екі ай бойы бізге шетелден арнайы мамандар келіп, осы апаратпен жұмыс істеуді үйретті. Кеңес берді. Жалпы, біз бұл зауытта бес линияны жүргізіп жатырмыз.
 
Есік-терезе, витраждардың толыққанды жиынтығын шығаратын мекеме әсіресе, сапаға көңіл бөледі. Арнайы зертхана тауар құрамын үнемі бақылауда ұстап, жіті қадағалайды. Дайын өнімнің суыққа, ыстыққа төзімділігін тексереді. 
 
Мұрат Мамытбеков, кәсіпорын жетекшісі:
Бұған дейін сапалы профильдер шетелден - Германиядан, Европадан келетін болса, қазір оңтүстік өңірінде шығаруға мүмкіндігіміз бар. Біздің өндірісіміз «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасына енгізілген.
 
Шымкенттен басқа республиканың 5 облысын пластикалық өнімдермен қамтамасыз етіп отырған серіктестік енді Ресей және Беларусь елдерімен келісімшарт жасауда.  
 
Айнұр АҚБАЕВА
Бөлісу