Қызылорда қаласында 322 көше жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласында 322 көше жөнделеді

05.02.2019

Шет аймақтардағы қалаға қарасты елді мекендер мәселесі 2021 жылға дейін толық шешіледі.

Естеріңізге сала кетейік, біз өткен шығарылымдарымыздың бірінде облыс орталығының шет аймақтағы мөлтек аудандар тұрғындарының батпаққа батып, жол азабын тартып жүргендігі туралы бейнематериал көрсеткен едік. Мәселеге бейжай қарамаған облыс әкімі Коммунизм, КБИ, Саяхат, Сәулет аудандарына барып, жұртшылықпен кездесті. Теміржолдың арғы бетіндегі ықшам аудандарда 116 көше жөндеуді қажет етеді. Ал, қалада 766 көше бар, соның 322-не тас та төселмеген.

Байсал Әділ, қала тұрғыны:

- Жауын-шашын кезінде жолдармен жүру қиын. Айтқан мәселе шешіледі деген ойдамыз.

Берік Сәрменбаев, қала әкімінің орынбасары:

- Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2019-2021 жылға арналған 3 жылдық жоспар әзірлеп отырмыз. 322 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Оған 3,8 миллиард теңгедей қаражат керек.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу