Парламент Мәжілісінің депутаттары іс-сапармен Маңғыстауға барды. Халық қалаулылары бірнеше әлеуметтік нысанды аралап, жастармен және дәрігерлермен кездесті. Өңірде медицина саласында мәселе көп. Сондықтан, тұрғындар өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, құқығын білгені абзал. Мәселен, дәрінің бағасы шектен тыс қымбат болса, тұрғын баға көрсетілген тізімді талап етуге құқылы. Немесе, фармацевтика комитетіне хабарласуға болады. Депутаттар мұнай компаниясында жұмыс істейтін жас мамандармен кездесуде «Жас кәсіпкер» мен «Бизнес бастау» бағдарламаларының нәтижесіне тоқталды. Елімізде бизнес жобасы бар жастарға қолдау көп. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы да жастарға берілетін қаржы көлемі енді 2 есе ұлғаяды.
Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Президентіміздің Жолдауын, 5 әлеуметтік бастаманы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіріп айту қажет.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.