Мемлекеттік хатшы өнер мен мәдениет және әдебиет саласының үздіктеріне «Президент стипендиясын» табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы өнер мен мәдениет және әдебиет саласының үздіктеріне «Президент стипендиясын» табыстады

25.01.2019

Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова өнер мен мәдениет және әдебиет саласының үздіктеріне «Президент стипендиясын» табыстады. Алматыда өткен жиында саланың дамуына айрықша үлес қосқан 75 адам марапатталды. Олардың қатарында белгілі жазушылар, танымал өнер майталмандары мен Тәуелсіздік жылдарында туған жас буын өкілдері бар. Мемлекеттік хатшы жиынға қатысушыларды құттықтап, мемлекеттік стипендия олардың ел мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесінің көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ, стипендиялар жыл сайын мемлекеттік қолдау мақсатында шығармашыл жастар мен еліміздің мәдениетін сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін берiлетінін жеткізді.

Аян Өтепберген, актер:

- Ең жасы екенмін. Сондықтан, мен үшін үлкен бақыт және де жауапкершілік. Себебі, ертең сұрауы болады. «Сен «Президент стипендиясын» алдың, не істедің?» деген кезде өнеріммен, іс-әрекетіммен дәлелдеуім керек.

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу