А.Бараев орталығының ғалымдары бидайдан 46,5 центнер өнім алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Бараев орталығының ғалымдары бидайдан 46,5 центнер өнім алды

23.01.2019

Бұл туралы осы орталықтың директоры Кенже Абдуллаев айтты. Бұл жетістікке жету үшін ғылыми орталықтың мамандары бірнеше жыл бойы зерттеу жүргізген. Атап айтсақ, «Дамсинская-2017» деп аталатын бидай сортын шығарды. Солтүстік аймақтардың климатына бейімделген бидай сорты биыл мол өнім берген. Жалпы, орталықтың ғылыми жұмыстарына біраз қаржы бөлінген-ді. Биылдың өзінде 40-тан астам жаңа техника сатып алынып, зертханалар жаңартылған. Енді жас мамандарды орталыққа көптеп тарту үшін жатахқана салу мәселесі қолға алынып жатыр.

Кенже Абдуллаев, А. Бараев атындағы  астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры:

- 1985 жылы орталықтың ғимараты берілсе, осы күнге дейін осыған жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Білім және ғылым министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің көмегінің арқасында биыл бізге жөндеу жұмыстарына 250 млн. теңге бөлінді. Сол 250 млн. теңгенің арқасында өзіміздің лабораторияларымызды жөндедік.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу