Астанада кәріз құдығының қақпақтарын ұрлау тоқтамай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада кәріз құдығының қақпақтарын ұрлау тоқтамай тұр

22.01.2019

Қаңтардың басынан бастап тұрғындар «iKomek» қосымшасына осы мәселе бойынша 161 шағым жіберген. Бүгін Бақыт Сұлтанов жауапты мамандарға соңғы ескерту жасады. Әр ауданда тексеру жұмыстарын өткізіп, тапсырманы орындамағандарды тәртіптік жазаға тартуды міндеттеді. Құдықтар, әсіресе, қаланың шеткі аудандарында ашық қалатын көрінеді. Ауыр қақпақтарды ұрлап, сатып, ақша табатындар да бар көрінеді. Қала әкімінің тапсырмасынан соң мамандар бұл тұрғыда жұмыстарды күшейтіп, арнайы тексерістер өткізіп жатыр.

Әлкебатыр Серікұлы, Астана қаласы Есіл аудандық әкімдігінің бас инспекторы:

- 300-ден астам құбыр құдықтары тексеріліп, соның 26-ы ашық болды. Кейбіреуінің қақпақтары сынған. Кейбіреуінікі ұрланып кеткен. Кейбіреуі жабылмай қалған.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу