Астанада адамның бет-бейнесін анықтайтын камералар орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада адамның бет-бейнесін анықтайтын камералар орнатылады

22.01.2019

Бұдан былай азаматтардың кім екенін құжатсыз-ақ білуге болады. Астанада адамның бет-бейнесін анықтап беретін камералар қойылғалы жатыр. Яғни, күдік тудырған адамның жеке куәлігі өзімен бірге болмаса, тәртіп сақшылары ұялы телефондарына түсіріп, ортақ базаға жолдайды. Ізінше ол азаматтың кім екенін бірден анықтауға мүмкіндік туады. Қазір оларды орналастыратын жерлерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Пилоттық жобаны қалалық әкімдік пен Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу