Алматыдағы ботаникалық бақ толық жаңарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы ботаникалық бақ толық жаңарады

18.08.2017

Ботаника және фитоинтродукция институты Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген міндеттерді орындауға атсалысады. Бүгін сала мамандары Алматыда бас қосып, бас ботаникалық баққа енгізілетін өзгерістерді талқылады. Алдағы уақытта қала қонақтары мен тұрғындары үшін бақ қолжетімді демалыс орнына айналмақ. Аяқ жолдар жөнделіп, жарық көздері орнатылады. Демалушыларға арналған орындықтар жасау да жоспарда. Биыл баққа Мексикадан жаңа 300 тропикалық өсімдік түрі әкелінген. «Ботаникалық бақтың бет-бейнесін толығымен өзгертуге барынша атсалысып жатырмыз», - дейді Арна Әкімбаева.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ   

Хабарламаларға жазылу