Қызылордада «Охотзоопром» инспекторының өлтірілуіне қатысты үш күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Охотзоопром» инспекторының өлтірілуіне қатысты үш күдікті ұсталды

21.01.2019

Қарағанды облысындағы «Охотзоопром» мекемесенің инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деген күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты. Белгілісі, күдікті деп табылғандардың үшеуі де Қызылорда қаласындағы жер үйлердің бірінде тығылып жатқан жерінен ұсталған. Қылмыс жасады деген бұл азаматтарға өткен аптада іздеу салынған. Алайда, олар тек бүгін ұсталды.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, ресми өкілі:

- Бүгін ІІМ Қылмыстық полиция департаменті қызметкерлерінің Қызылорда облысындағы арнайы операциясының нәтижесінде жеке үйлердің бірінен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлының өлтірілуіне қатысты үш күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де уақытша оқшаулағышқа қамалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу