Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қорықшыны өлтіргендердің барлығы анықталғанын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қорықшыны өлтіргендердің барлығы анықталғанын айтты

17.01.2019

Қарағанды облысының Нұра ауданында браконьерлердің қолынан ауыр жарақат алып, көз жұмған «Охотзоопром» мекемесінің инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты жаңа дерек. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, өлтірген күдіктілердің арасында Қызылорда тұрғындары бар. Көлік пен адамдардың кім екені анықталған.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Куәгерлер бар. Қазір іздеу жарияланды. Күдіктілер қатарында полиция қызметкерлері жоқ. Біз «адам өлтіру» бабымен іс қозғадық. Бұл адамдар әлі ұсталған жоқ. Олар екі көлікте болған. Бірақ, қылмысқа бір көліктегі үш адам барған. Кейбіреулерін анықтадық, солар арқылы негізгі қылмыскерлердің кім екенін білдік. Олар Қызылорда тұрғындары.

Ал, ауыр жарақат алған Ерлан Нұрғалиев неге тікұшақпен жеткізілмеді деген тілшілер сауалына министр «ауа райының қолайсыздығы себеп болды», дейді.  Өйткені, ұшуға Төтенше жағдайлар департаменті рұқсат бермепті.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу