Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

21.01.2019

Қарағанды облысындағы «Охотзоопром» мекемеснің инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деген күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты.  Белгілісі, күдікті деп табылғандардың үшеуі де ұсталған.

Күдіктілер бұған дейін айтылғандай, Қызылорда облысының тумалары. Министрлік мәліметінше, олар бүгін Қызылорда облысындағы жер үйлердің бірінде ұсталған. Қазір олар оқшаулауғышқа қамалды, тергеу жүруде. Ішкі істер министрлігі осындай қысқа ғана ақпарат таратты. Басқа мәлімет беруден облыстық Ішкі істер департаменті де, министрлік те бас тартып отыр. 

Қылмыскерлерді іздеу өткен аптаның басында басталды. Алайда, бүгін ғана табылып отыр. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қылмыскерлердің кім екені анықталғанын о бастан-ақ айтқан. Алайда, аты-жөндерін бірнеше күннен кейін ғана жариялады. Белгілісі, қылмыскерлер «Ленд крузер» қымбат көліктерімен жүрген. Олар инспекторды аямай соққыға жығып, оның көлігінің кілтін алып кеткен және ЖДП сигналды датчигін бұзып кеткен. Осының кесірінен инспекторды табу, оны ауруханаға жеткізуге біраз уақыт кетіп қалған.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу