Ол 45 жастағы Шетпе кентінің тұрғыны. Полицейлер оның көлігін тексеру барысында, мысық тұқымдас аңның өлі денесін тәркіледі. Қазір өлексе орман шаруашылығы аумақтық инспекциясына берілген. Мамандар жануардың шамамен 3 жасар екенін анықтады. Бірақ, қай түріне жататыны белгісіз. Сондықтан, сот биологиялық сараптама тағайындалды. Бұл аң - Маңғыстау құмдарында сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген шағыл мысығына қатты ұқсайды. Егер, ол болса , шығын көлемі 2 млн. теңгеден асады. Дәл осындай дала мысығы былтыр Үстіртте тұзаққа түскен. Мамандар оны соңғы 8 жылда көргендерін айтады.
Әділбек Бектілеу, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:
- Қазіргі таңда Маңғыстауда мұндай мысықтар өте сирек кездеседі. Олардың түрі көп. Дала мысығы, шағыл мысығы, қарақалы бар. Бірақ, қай түріне жататынын сот сараптама қорытындысы бойынша айта аламыз.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.