Қазақстанның мұнай экспорты артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның мұнай экспорты артып келеді

09.01.2019

Қазақстанның мұнай экспорты артып келеді. Былтырғы жылдың 10 айында экспорт көлемі 31,2 млрд. долларға жетіпті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, шамамен тең жарымға көп. Яғни, 47%-ға өскен. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, мұнай сатып алу бойынша Италия көш бастап тұр. 10 млрд. долларға жуық қаржыға Қазақстанның қара алтынын сатып алыпты. Голландия 4,4 млрд. долларға шикізат алса, Франция бұл мақсатқа 3 млрд. доллар жұмсапты. Швеция да шеткері қалмаған. 2,2 млрд. долларға мұнай экспортталса, Корея еліне 2 млрд. доллар, Испания, Румыния, Грекия, Жапония, Польша мемлекеттерінен де біздің мұнайға сұраныс жоғары. 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу