Басты Жаңалықтар Маңғыстау өңірінде Жастар жылында 100 шара өтеді

Маңғыстау өңірінде Жастар жылында 100 шара өтеді

Аймақта арнайы жол картасы жасақталды. Жастар саясаты басқармасы өкілдерінің айтуынша, басты оқиғаның бірі жазда өтеді. Каспий саммитінің бір жылдығы қарсаңында Каспий теңізінің маңында орналасқан елдерінің жастары «Жастар достығы» форумында бас қосады. Тағы бір ауқымды халықаралық шара мамыр айына жоспарланған. Ол кезде әлемнің әр түкпірінен келген жеңілатлеттер «Ақтау марафоны» жарысына қатысады. Кейін бұл спорттық шараны дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр. Бұдан өзге «Ұлы даланың жеті қыры», «Өз тарихыңды танып біл» атты экспедициялар ұйымдастырылмақ. 

Бауыржан Тұяқов, Жастар саясаты басқармасының басшысы:

- Ең үлкен шара қаңтар айына жоспарланған. Айдың аяғында ашылуын форум ретінде өткіземіз. Алдымен Астана қаласында болады. Одан кейін өңірде делегаттардың қатысуымен өткіземіз. Жастар жылында не істейміз, қандай жоспарларымыз бар, сол форумда талқыланады.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу