Басты Жаңалықтар Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

Аймақта арнайы жол картасы жасақталды. Жастар саясаты басқармасы өкілдерінің айтуынша, басты оқиғаның бірі жазда болады. Каспий маңы елдерінің жастары «Жастар достығы» форумында бас қосады. Тағы бір ауқымды халықаралық шара мамыр айына жоспарланған. Ол кезде әлемнің әр түкпірінен келген жеңіл атлеттер «Ақтау марафоны» жарысында бақ сынайды. Кейін бұл спорттық шараны дәстүрге айналдыру жоспарда бар.

Бұдан өзге, «Ұлы даланың жеті қыры», «Өз тарихыңды танып біл» атты экспедициялар ұйымдастырылмақ.

Бауыржан Тұяқов, Жастар саясаты басқармасының басшысы:

- Ең үлкен шара қаңтар айына жоспарланған. Айдың аяғында форум өтеді. Алдымен Астана қаласында болады. Одан кейін өңірде делегаттардың қатысуымен өткіземіз.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу