Таиландтағы қазақстандық туристерге ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландтағы қазақстандық туристерге ескерту жарияланды

04.01.2019

Осы Таиландтағы дауыл туралы алдын ала дабыл қағып, Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды екі күн бұрын ескерте бастады. Ведомствоның баспасөз қызметі эфир алдында біздің арнамызға соңғы мәліметтерді жеткізді. Таиландтағы Қазақстанның консулдығы Самуи, Пхукет және Паттайя аралдарындағы ірі қонақүйлерге хабарласып, қауіпті аймақтарда демалып жатқан 81 қазақстандықпен байланыс орнатыпты. Біздің елдің дипломаттары оларға төтенше жағдай кезінде қажет сақтық шаралары туралы ақпарат берген. Дегенмен, туроператорларға жүгінбей, өздігімен кеткен қазақстандықтар да аз емес. Сондықтан, Сыртқы істер министрлігі отандастарымызға Таиландтағы еліміздің консулдығына хабарласып, дауыл соққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу