«Стратегия» ұйымы қазақстандықтардың депрессияда екенін анықтаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Стратегия» ұйымы қазақстандықтардың депрессияда екенін анықтаған

28.12.2018

Қазақстандықтар депрессияда. Көңіл-күйлері жоқ. Үш күннен кейін табалдырықтан аттайтын жаңа 2019 жылға үмітпен емес, күдікпен қарауы басым. Бұл – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының халық арасында жүргізген зерттеуінің нәтижесі. Осы ретте, біздің тілшлеріміз де астаналықтар арасында өз зерттеуін жүргізді. Ерекше тәсілмен.

Армангүл Тоқтамұрат, тілші:

- Астаналықтардың қабағы қатыңқы, түсі суық. Ешкім бір-бірімен сөйлесіп, шүйіркелеспейді. Тіпті, мейірім деген қасиеттен ада деп жатады көпшілік. Осы ретте мен қазір эксперимент жасаймын. Қала тұрғындарының мереке алдындағы көңіл-күйін тексеріп, қаншалықты адамға ашық екенін тексеремін. Яғни, Жаңа жылмен құттықтап, әр адамды құшақтаймын. Реакция қандай болады екен, көреміз!? Ендеше кеттік!

Армангүл Тоқтамұрат, тілші:

- Эксперимент барысында  менің түсінгенім, адамдарға сүйіспеншілік пен жылу жетіспейді. Бөтен болсам да, мен құшақтаған кезде көбі жымиып, жұмсарып сала берді. Ендеше, жақындарымызға жиі-жиі жылы сөз айтып, құшақтайық. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу