Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізілетін салықтық рақымшылықтың арқасында 90 мың кәсіпкер айыппұлдан босатылады. Егер олар 2019 жылдың соңына дейін негізгі борышын өтесе, өсімпұлдан құтылады. Елбасының Жолдауында айтылған бұл жаңа ереженің арқасында кәсіпкерлерге жеңілдік жасалмақ.
Айта кетейік, қазір шағын және орта бизнес өкілдерінің мемлекетке салықтан берешегі 340,6 млрд. теңге екен. Оның ішінде негізгі қарыз 210,4 млрд. теңге болса, өсімпұл 123 млрд.-қа жуық, ал, айыппұл 7 млрд. теңгеден асады.
Марат Сұлтанғазиев, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:
- Жеке кәсіпкерліктің тәуекелдігі бар. Егер салықтық қарыздары болса, бұл акциядан кейін де жағдайын түзей алмаса, ол оңалтуға баруы мүмкін. Оңалту кезеңінде жағдайы түзелмесе, банкротқа ұшырайды.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.