«Қазақстан-АҚШ» кең стратегиялық әріптестік» комиссиясының кезекті отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-АҚШ» кең стратегиялық әріптестік» комиссиясының кезекті отырысы өтті

11.12.2018

Тараптар үкіметаралық деңгейде, кәсіпкерлер арасында және мәдени-гуманитарлық бағыттағы қарым-қатынастың тұрақты әрі жемісті болу жолдарын талқылады. Күн тәртібіне үш мәселе шығарылды. Алдымен саясат әрі қауіпсіздік, кейінгісі экономика мен инвестиция, соңғысы демократияны ілгерілету және адам құқықтары тақырыбында ерекше мән беріліп отыр.   

Элис Уэллс, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары:

- Біз Қазақстанның Орталық Азияда бейбітшілік бастамаларымен шыққан алғашқы мемлекет екенін көріп отырмыз. Мәселен, Ливанды айтсақ. Бұл маңызды қадам. Осылай Қазақстан көшбасшы екенін білдірді. Сондай-ақ, өзге елдермен серіктестік орнатуда да географиясы кеңіп жатыр. Ал, АҚШ-пен терроризмге қарсы шараларда белсенді байланыс орнатылған. Тағы экономикалық қатынас нығайып келеді.

Нысаналы ЫҒЫЛ   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу