Астана қаласының сол жағалауына көгілдір отын 2023 жылға қарай келуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының сол жағалауына көгілдір отын 2023 жылға қарай келуі мүмкін

11.12.2018

Бұл туралы бүгін Астана қаласы әкімдігі мен Энергетика минстрлігінің өкілдері айтты. «Сарыарқа» газ құбыры арқылы келетін газ қала маңына келесі жылы келгенімен, Астана ішінде оны тарату жұмысы біраз уақыт алмақ. Алғашқыда екі жылыту энергетикалық орталығы қосылады, одан кейінгі кезеңде  Көктал елді мекені мен оңтүстік-шығыс ықшам аудандарына газ таратылады. Ал, соңғы кезең 2023 жылға қарай сол жағалауға көгілдір отын беру жоспарланған. Дегенмен, бұл әзірге тек жоспар. Құзырлы органдар газ тарифін де есептеп қойған. Белгілісі, газ бағасы Астанада өзге өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай қымбат, текше метріне 50 теңгеге дейін барады. 

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Бүгінгі таңда жекеменшік үйлер Астана қаласы бойынша 400 мың тонна көмір жағады. Қаладағы шығындардың 10 пайызы осы жекеменшік сектордан болады. Әрине, осы үйлер газға көшетін болса, 35 мың тонна қалдықтың саны азаяды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу