Бурабай ауданында көз жұмған 2 жасар баланың өліміне дәрігерлер кінәлі болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабай ауданында көз жұмған 2 жасар баланың өліміне дәрігерлер кінәлі болып шықты

10.12.2018

Ақмола облысының Бурабай ауданында көз жұмған 2 жасар баланың өліміне дәрігерлер кінәлі болып шықты. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары тексерістен кейін осындай қорытындыға келді. Бұған дейін сәби тамақтан, яғни, дүкеннен алынған шұжықтан ұшынып, қайтыс болды деген болжам айтылған еді. Алайда, олай болмай шықты. Өнім барлық санитарлық талаптарға сай екен.

Бала ауруханаға ротавирусты инфекциямен түскен. Алайда, бүлдіршінге дәрігерлердің қажетті емді уақытында көрсетпегені анықталды. Баланы қараған педиатр-дәрігерлер жұмыстан шеттетілмей, әзірге қызметтерін жалғастыруда.      

Бибігүл Иманқұлова, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

Тексеріс нәтижесінде емдеуші дәрігер баланың жағдайын дұрыс бағалмағаны анықталды. Сәйкесінше, оны емдеу үшін де қажетті шаралар көрсетілмеген. Тексеріс қорытындысы құқықтық баға беру үшін Бурабай аудандық Ішкі істер бөліміне жіберілді. Сондай-ақ, әкімшілік және тәртіптік жаза қолдану үшін құжаттар облыстық Денсаулық сақтау басқармасына жолданды.    

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу