«Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент». Ұлттық академиялық кітапханада осындай атаумен көрме ашылды. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырылған кітап және фото көрмесі 4 бөлімнен тұрады. Әрқайсысы Елбасының өмір жолы мен елді өркендету үшін қосқан үлесі жайлы ақпарат берер туындыларға толы. Кітапхана осы шара арқылы жастарды тәуелсіздік жылдары қабылданған маңызды шешімдер, мемлекетіміздің жеткен жетістіктермен таныстырып қана қоймай, көшбасшы болудың сыры неде екенін үйретпек.
Мақат Садық, журналист:
- Сарапшылардың пікірінше, әлемді 20 жасқа дейінгі балалар өзгертеді. Сондықтан, олардың ұлт алдындағы, мемлекет алдындағы үлесі ерекше болады. Мысалы, біз оларға қазір бала деп қарағанымызбен, олар біздің мемлекетімізді мықты, нағыз демократиялық ететін жастар болады.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.