600 жолаушы құтқарылды
Өткен тәулік ішінде елімізде қар астында қалған 600 жолаушы құтқарылды. Бір ғана Алматы облысының өзінде 15 адамға көмек көрсетілді. Қарағанды облысында 8 адам жолда қалып қойған. Жамбыл облысында да көлік қозғалысы қиындап, 53 автокөлікке кұтқару жұмыстары көрсетілді.
Мамандардың айтуынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы алдағы күндері де сақталатын болады. Осыған орай, мамандар жақын күндері алыс сапарға шықпауды ескертеді.
Әлия Оспанова, «Қазгидромет» РМК орталығының жетекші инженер-синоптигі:
Антициклонның әсерінен болған аязды күндер әлі де алдағы бір-екі күнде солтүстікте, шығыс өңірлерде және Қарағанды облысында сақталмақ. Солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы сәл де болса жоғарылайды. Тұрақсыз ауа райы сақталады.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президентін қабылдады
09.02.2026, 20:04
Президент Sunwah group корпорациясының төрағасын қабылдады
09.02.2026, 20:02
Өзбекстан қазақтары: «Ақындар – асыл мұрамыз»
09.02.2026, 17:39
Қысқы Олимпиада: Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен жарысады
09.02.2026, 17:38
Үлгілі ауылындағы үлгілі әже жертөлесін музейге айналдырған
09.02.2026, 17:37
Түркістанда этнос өкілдері Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтты
09.02.2026, 17:34
Алтынемелде аң көбейіп келеді
09.02.2026, 17:32
БҚО-да алпыс жылқы арам өлді
09.02.2026, 17:30