Мемлекеттік күзет қызметі жас сарбаздармен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік күзет қызметі жас сарбаздармен толықты

27.11.2018

Абыройлы міндетті өзіне борыш етіп алған 295 сарбаз Алматыда ант қабылдады. Олар - осыдан бір ай бұрын еліміздің әр өңірінен іріктелген сайдың тасындай жігіттер. Арасында 4 спорт шебері, 19 спорт шеберлігіне үміткер бар. Сарбаздардың сапалық мінездемесі де жоғары. Мәселен, 67 пайызының орта-арнайы білім туралы дипломы болса, 17 пайызы жоғары білімді.

Ант қабылдаған жастар енді әскери даярлық, жауынгерлік және саптық дағдылар, мемлекеттік эталондарды күзету бойынша тәжірибе жинауды бастайды.

Райымбек Қабдыраш, жас сарбаз:

- Бүгін бізге өте маңызды күн, өте жауапты күн болып тұр. Оқу бітірген соң осында келем деген менің жоспарым болған. Тағы да бір себебі - осында әкем Отан алдындағы борышын өтеген. Соның жолын қуғым келді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу