Басты Жаңалықтар Еліміздегі соңғы реформалар мен бастамалар 8-ші Азаматтық форумда талқыланады

Еліміздегі соңғы реформалар мен бастамалар 8-ші Азаматтық форумда талқыланады

Қарашаның 27-і мен 28-іне жоспарланған бұл ірі жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері қатысады. Жалпы саны 800-ден астам адам бас қосуы тиіс. Жыл сайынғы дәстүрлі форумның биыл ауқымы кеңейіп, мәні де арта түсті. Өйткені, бұл жолы 2020-2025 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамытудың Тұжырымдама жобасы талқыланады. Форумда «Адамдар», «Әлем», «Өркендеу», «Бейбітшілік», «Серіктестік» деген атаулармен 5 панельдік сессия өтеді. Бұлар БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына кіретін басты бағыттар екенін атап өткен жөн.

Сергей Коновалов, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі:

- Қазір үлкен өзгерістер болып жатыр. «Ұлт жоспары - 100 қадам» бойынша қоғамдық кеңестер құрылды. Олар 2 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бұл кеңестерде үкіметтік емес ұйымдар өте белсенді. Ал, енді көптеген мәселе бойынша кешенді өзгерістер қажет. Бұл форумға дайындық барысында бірнеше жиын өткізуге түрткі болды. Барлық өңірде 17 аймақтық конференция ұйымдастырдық. Ал, форумның өзінде 2 күн бойы 35 алаң жұмыс істемек. Форум барысында маңызды, әрі салмақты ойлар айтылып, нақты бір жоспар құрылатынына сенемін.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу