Атырауда мемлекеттік бағдарлама бойынша алғашқы әскери қызметкер баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мемлекеттік бағдарлама бойынша алғашқы әскери қызметкер баспаналы болды

22.11.2018

Бағдарлама ережесіне сәйкес үй алуға ниетті азамат бастапқы жарна үшін пәтер құнының 5 пайызын ғана төлейді. Аймақтағы Қарулы күштер сапында еңбек етіп жүргендердің 80 пайызында баспана жоқ.  Мамандар «бұл бастама әскери саладағы мамандардың баспаналы болуына зор мүмкіндік», деп отыр. Осы бағдарламаның арқасында елііміздегі 60 мыңнан астам әскери қызметкер пәтермен қамтылмақ.  

Мұрат Сатыбаев, әскери қызметкер:

Бұған дейін қиын болды. Өте жақсы мүмкіндік. Осы пәтерді алғаныма өте ризамын. Жоғарғы Бас қолбасшыға және Қорғаныс министрлігіне алғысымды білдіремін.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу