Астанадағы жеделсатылар жедел болмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы жеделсатылар жедел болмай тұр

22.11.2018

Тіпті көбісінің сапасы сын көтермейді, жарамсыз. Ал, оны бақылап, қадағалауға мемлекеттік органдардың құзыры жоқ. Қазір заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Егер құжат күшіне енсе, келесі жылдан бастап жеделсатылардың сапасын әкімдіктегілер қатаң бақылауына алмақ. Өйткені, елордадағы көпқабатты үйлердің басым бөлігінде осы мәселе өзекті.

Тіпті элиталық үйлердің өзі сапалы жеделсатыға зәру. Барларының өзімен қатынау қауіпті. Себебі, кемінде 25 жыл қызмет етуі тиіс жеделсатылар мерзімінен ерте істен шығып жатыр. Ал, жаңасына айырбастау үшін қыруар қаржы қажет. Осы мақсатта мамандар лифт орнату құнын анағұрлым арзандатуға қол жеткізіп отыр. Осыған дейін жеделсатының 1 қондырғысын орнатуға 13 млн. теңге қажет болса, қазір шамамен 9 млн. теңге жеткілікті.   

Төлеген Құлұшев, Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы:

Құрылыс жағынан қарасақ, 4 адам қабылдайды. Сол кезде сапасын қадағалайды, қорқыныш жоқ.

Жалпы, Астана қаласындағы 87 тұрғын үй апаттық жағдайда. Ал 270-тен астамы күрделі жөндеуді қажет етеді. Әсіресе, жертөле мен шатырлары нашар, инженерлік желілері көңіл көншітпейді. Бұл қалалық әкімдіктің биылғы жылға жүргізген тексерістерінің нәтижесінде белгілі болып отыр.

Сонымен қатар, тексеріс барысында 460-тан астам құқықбұзушылықтар анықталған. Оның басым бөлігі олқылықтардың орнын толтырса, 28 ұйым немқұрайлық танытып отыр. Тағы 26 іс сотқа жіберілді.  Әсіресе, «Сайран», «Тұрмыс», «Адал», «Ақиқат» сынды тұрғын үй кешендерінің Пәтер иеленуші кооперативтері шығарылған шешімдерді орынлдауға құлықсыз. Оларға қазір арнайы шаралар қолданылуда. 

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу