Тараз қаласында әлеуметтік нан бағасы қайта тұрақтанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласында әлеуметтік нан бағасы қайта тұрақтанды

22.11.2018

Бір бөлке нан қазір дүкендерде бұрынғыша 65 теңгеден сатылып жатыр. Ал, апта басында нан бағасының бірден 10 теңгеге қымбаттауының себебін арнайы комиссия зерделеу үстінде. Наубайханалар оған ұн бағасының көтерілуі себеп болғанын алға тартып отыр. Енді олар шығындарын есептеп, бағаны қымбаттатқан себебін дәлелдеуі тиіс. Мән-жайды анықтауға кіріскен арнайы комиссия апта ішінде шешім шығарып, нақты бағаны белгілейді.  

Берік Нығмашев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Қостанайдың, Солтүстік Қазақстанның ұн шығаратын мекемелерімен келісім жасалып жатыр. Бұл ақпараттар біздің барлық нан шығаратын кәсіпорындарға берілген болатын. Кешенді шаралар қаралып, соның нәтижесінде нан бағасын көтереміз бе, жоқ па, әлде басқа жағынан көмектесіп, нан бағасын осылай ұстап қаламыз ба деген мониторинг соңында шешім қабылдайтын боламыз.

 

Гүлнар ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу