Елімізде сайлауалды науқан жүргізудің ережелеріне өзгерістер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сайлауалды науқан жүргізудің ережелеріне өзгерістер енгізілді

20.11.2018

Заман талабына сай қазір интернет-басылымдар көбейгендіктен, олардың жұмысын заңнамамен реттеу қажеттілігі туындап отыр. Өйткені, бүгіндері дәстүрлі емес БАҚ түрі көбейіп кеткен. Ал, сайлау кезінде олардың жұмысы көбіне-көп бақыланбайтыны анықталды. Бұл саяси додаға түсіп жатқан кей кандидаттардың үгіт-насихатты басқаларынан көбірек, не керісінше, азырақ жүргізуіне алып келеді. Сондықтан, Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен бірлесіп, интернет-басылымдарға мониторинг жүргізіп, оның қорытындысын жариялады. Сондай-ақ, жиынға қатысқан мемлекеттік органдардың өкілдері көрші елдердегі сайлау кезінде көрген-білгендерімен бөлісті.

Зәуреш Баймолдина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Ең біріншіден, шет мемлекеттерде қандай жақсылықтар бар, қандай жаңа технологиялар енгізіліп жатыр және сайлаушылармен қалай жұмыс өткізіледі деген мәселелердің барлығын қарастырамыз.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу