Петропавлда Оқушылар сарайы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда Оқушылар сарайы ашылды

20.11.2018

Ғимарат 15 мың шаршы метр аумақты алып жатыр, 87 үйірме бар. Мұнда ІТ-технология, балаларға қосымша білім беру, олардың қызығушылықтарын ескере отырып тәрбиелеу үшін Назарбаев зияткерлік мектебі мен Университет оқытушылары жұмыс істейтін болады. Қазірдің өзінде робототехника, гидропоника және мехотроника бойынша секциялар жұмысын бастаған. Әсіресе, жаңа технологияларды үйренемін деушілер көп.   

Камшат Мусина, Оқушылар сарайы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі:

- Роботтехника, мехотроника үйірмелері жұмыс істейді. Әр топта 10-12 баладан болады. Бұл үйірмелерге 10-12 жастан бастап қабылданады. Сондай-ақ, 1-2 курс студенттері қатыса алады. 

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу