Петропавлда Оқушылар сарайы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда Оқушылар сарайы ашылады

13.07.2018

Петропавлда былтыр салына бастаған Оқушылар сарайы биыл қолданысқа беріледі. Құрылыс қарқынымен Мәжіліс депутаттары Мұхтар Ерман мен Сергей Звольский танысты. Қазір нысанда екі ауысыммен 250 адам еңбек етуде. Мамандардың айтуынша, жаңа нысанда Қазақстандағы ең алғашқы ІТ-орталық пен түрлі бағыттағы 14 зертхана жұмыс істейтін болады. 3 қабатты нысан 15 мың шаршы метрді алып жатыр және мұнда 1800 оқушы мен студентке арналған үйірмелер ашу жоспарда бар.

Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазіргі таңда республикалық бюджеттің қолдауымен 120 нысан күрделі жөндеуден өтейін деп жатыр. Мектептерге 4 мың жаңа компьютер алынады. СҚМУ-нің жаңа жатақханасында 1000 студент тұратындай мүмкіндік болады. Мұның бәрі Елбасының айтылған тапсырмасының арқасында жобалармен іске асырылуда.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу