Елімізде жастарды бизнеске бастайтын әлеуметтік жоба жүзеге асырылады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде белгілі болды. Әлеуметтік желілер арқылы таралатын реалити-шоу шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады. Қазірдің өзінде жобаға 2 мыңнан астам адам қызығушылық танытып отыр. Өтініштер желтоқсанның 15-не дейін қабылданып, кейін олардың ішінен 21 адамның жобасы іріктеліп алынады. Олардың авторлары шоу үшін ұйымдастырылған арнайы лагерьге орналастырылады. Сол бизнес-лагерьде жастар қазылар алқасын өз жобаларымен таныстырып, үздік атану үшін бақ таластырады. Бағдарламаның алғашқы сериясы келер жылдың басында интернетте жарияланбақ.
Роза Жалмұрзаева, жобаның қоғаммен байланыс жөніндегі жетекшісі:
- Кіші-орта бизнеске қызығушылық деңгейін көтеру арқылы жастар бизнесті бастау және іске асыру туралы хабардар болады. Біздің жобаны жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер қолдап отыр. Үкіметтен ешқандай инвестиция алынбайды.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
