Алматыда еліміздегі жоғарғы оқу орындарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі талқыланды
Өйткені, мамандардың айтуынша, қазір университеттер тек білім берумен ғана шектелетін мекемеге айналған. Ал, тұрақты және күшті мемлекет құру үшін – мықты азаматтық қоғам қажет. Бұл ретте жоғарғы оқу орындарының маңызы ерекше. Себебі, дамыған елдерде университеттер ғылым ордасы ғана емес, жастарға интеллектуалдық тәрбие беретін орталық ретінде қалыптасқан. Қазір Алматыда да осы жүйе бойынша «U-38» форматы бастау алып, білім-ғылым, әлеуметтік, саяси мәселелер бойынша университет студенттерін біріктіру жүезеге асырылуда. «Сол арқылы жастарды толғантқан көп мәселелерді шешуге болады», - дейді мамандар.
Айдос Сарым, саясаттанушы:
- Бүгінгі күні университеттерге деген көзқарас өзгеру керек сияқты. Университет тек қана шәкірт тәрбиелейтін жер емес, тек білім ғана беретін мекеме емес. Университеттің басты мәселесі кеше ғана мектеп табалдырығын аттап шыққан баланы елдің белсенді азаматы қылу. Ойлана алатын, өзіндік пікірі бар, мәселеге өзінің пікірін, ойын ашық айта алатын белсенді азамат тәрбиелеу керек.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
