Жыл соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша елімізде 528 шақырым жол пайдалануға беріледі. Бағдарламаның шапағаты ең көп Орталық-Шығысқа тиіп отыр. Онда 243 шақырым жол жөнделеді. Сондай-ақ, жоспарда Бейнеу-Ақжігіт (85 км), Орал-Тасқала (35 км), Орталық-Оңтүстік (30 км), Астана-Петропавл (25 км), тағы басқа бағыттар бойынша жол учаскілері бар. Ал, жалпы 12 айдағы құрылыс жұмыстары 4,6 мың шақырымды құрамақ. Ол үшін биыл бюджеттен 232 млрд. теңге ақша бөлінген еді. 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бағдарламаға сәйкес, 4 жылда 95 мың шақырым жол жөнделіп, салынуы тиіс. Оның 24 мыңы республикалық, ал, қалған 71 мың шақырымы жергілікті желі болып табылады.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.