Баянауылдағы Мырзашоқы тауындағы шаңғы базасы туристерді қабылдауға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауылдағы Мырзашоқы тауындағы шаңғы базасы туристерді қабылдауға дайын

06.11.2018

Жақында тау етегіндегі адамдарды биікке шығаратын аспалы жол іске қосылды. Оның ұзындығы 960 метр. 63 адамға арналған орындықтар бекітілген. 700 метр биіктікке көтерілу үшін 20 минуттай уақыт қажет. Шаңғы базасы күніне 5 мың адамды қабылдай алады. Қысқы спортпен айналысуға қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті. Әзірге қардың түсуін күтуге тура келеді.

Медет Жетпісбаев, тау шаңғы базасының операторы:

- Бәрі жаңадан алынған. Адамдар шай ішіп, жылынамын десе, бәрі дайын.   

 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу