![Қытай халқының 95 пайызы 2022 жылы Қысқы Олимпиаданың өз елінде өткенін қолдайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80042.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытайлар қысқы Олимпиаданы өткізу құқығына ие болса, дүбірлі доданың негізгі жарыстары осы қалада өтеді. Аумағы 100 шаршы шақырымды алып жатқан курортты салуға қытайлар 3 жыл уақыт, 350 миллион доллар қаражат жұмсаған.
Шаңғы базасында жалпы саны 25 нысан орналасқан. Әзірге соның 10-ы ғана іске қосылған. Ал, Алматының артықшылығы жарыс өтетін орындардың басым бөлігі дайын.
Чжанцзякоудағы шаңғы курортының тағы бір кемшілігі: қар аз болады, жылына 60 см ғана жауады. Айналадағы қардың көбі – жасанды.
Оны жасау үшін көктем-күз мезгілдеріндегі жауын-шашыннан жиылған суды пайдаланады. Бұл мақсатта қытайлар шаңғы базасы маңынан 3 су-қоймасын салған.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытай халқының 95 пайызы 2022 жылы Қысқы Олимпиаданың өз елінде өткенін қолдайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/26382/)