Елімізде полиция қызметкерінің өмірі туралы ерекше фильм көрермендерге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде полиция қызметкерінің өмірі туралы ерекше фильм көрермендерге жол тартты

02.11.2018

Елімізде полиция қызметкерінің өмірі туралы ерекше фильм көрермендерге жол тартты. Вестрен жанрындағы «Саташ» атты туынды «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысымен түсірілген. Кинокартинада ауылына басып кірген қылмыскерлермен жалғыз күрескен учаскелік полицейдің өмірі суреттеледі. Фильмнің басты кейіпкері Саташ тұрғындарға күш жұмсаған қылмыскерлерге төтеп беріп, борышын соңына дейін өтейді. Фильмде мал ұрлығы, броканьерлік, адам өлтіру сияқты заңсыздықтар көрсетіледі.

Төлеген Байтөкенов, фильмнің режиссері:

- Қазір біздің қоғамымызда полицейге адамның көзқарасы әлі біртүрлі болып кетеді. Меніңше, бұл тек қана жалғыз полицейдің өмірі ғана емес, бүкіл қазақстандық қоғамның өмірі туралы.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу